Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
2022 жылғы 05 маусым
Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне барып, республикалық референдумда дауыс берді.
Жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі – бүгінгі аса маңызды шараның басты ерекшелігі. Бұған дейін Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шешімді Парламент қабылдайтын.
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бергеннен кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды өтіп жатқан референдуммен құттықтады.
– Бүгін еліміз үшін, шын мәнінде, тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Ешқандай мәжбүрлік жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған, – деді Қазақстан Президенті.
Содан кейін Мемлекет басшысы конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне қатысты журналистердің бірқатар өзекті сауалына жауап берді.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-respublikalyk-referendumda-dauys-berdi-554333
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне барып, республикалық референдумда дауыс берді.
Президент дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Толығырақ: https://t.co/CYBEeYoBGq pic.twitter.com/U7Zgc6wucO
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) June 5, 2022