Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады
2023 жылғы
Президент Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген белгілі америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Roubini Macro Associates консалтинг компаниясының директоры Нуриэль Рубиниді қабылдады.
Президент Астана халықаралық форумына қатысып, әлемдегі сын-қатерлер туралы өзінің ой-пікірін ортаға салғаны үшін Нуриэль Рубиниге ризашылығын білдірді.
Кездесуде жаһандық қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:http://aqorda.kz/kz/memleket-basshysy-belgili-ekonomist-nuriel-rubinidi-kabyldady-955018