Categories: BugünDÜNYA

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады

2024 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаржылық мониторинг агенттігінің былтырғы атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды.

Дмитрий Малаховтың айтуынша, қылмыстық жолмен түскен кірістерді жылыстатуға қарсы күрес саласында 5,7 мыңнан астам тұтынушымен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылған. Криптовалюта айырбастайтын 1,5 мыңнан аса заңсыз онлайн-сервис анықталып, бұғатталған. 49 заңсыз майнер әшкереленген. Қазір оларға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаржы аударуға қатысты 1,2 мың әрекет анықталып, оларға шектеу қойылды.

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысына 41 қаржы пирамидасының жойылғаны, зардап шеккендерге 4,6 миллиард теңге қайтарылғаны жөнінде мәлімет берілді. Алаяқтық белгілері бар 8 мыңнан астам сайт пен аккаунт бұғатталып, 4,8 мың онлайн-казино сайтының қызметі тоқтатылды. Екінші деңгейлі банктермен және қаржы реттеушілерімен бірлесіп, 21 жасқа толмаған азаматтардың букмекерлік кеңселерге төлем жасау мүмкіндігін автоматты түрде шектеу тетігі енгізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Президентке агенттік 74 миллиард теңге көлемінде негізсіз бюджет шығындарының алдын алғаны, заңсыз қолма-қол ақшамен айналысатын 59 «көлеңкелі» алаң қызметінің тоқтатылғаны, 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың жойылғаны, сотқа дейінгі тергеу амалдарының аясында 141 миллиард теңге көлемінде келтірілген залалдың өтелгені жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл саласында жалпы сомасы 276 миллиард теңгені құрайтын активтер қайтарылған.

Қаржылық мониторинг агенттігі алдағы уақытта заңсыз шығарылған активтерді қайтару және адал кәсіпкерлердің ісіне араласпай, «көлеңкелі» экономикадағы қылмыстардың жолын кесу жұмыстарына баса мән береді. Сонымен қатар Қаржылық мониторингті дамыту тұжырымдамасын және Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру, жылыстату жүйесін FATF (ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) халықаралық стандарттарына толық сәйкестендіру үшін шаралар қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев адал бизнесті қорғау шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтіп, Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-karzhylyk-monitoring-agenttiginin-toragasy-dmitriy-malahovty-kabyldady-2812153

 

zline

Recent Posts

Birleşik Rusya, Hantı-Mansi Özerk Okrugu’nda okul çocukları için bir sosyal yardım merkezine gezi düzenledi

Birleşik Rusya, Hantı-Mansi Özerk Okrugu'nda okul çocukları için bir sosyal yardım merkezine gezi düzenledi.

3 saat ago

В ХМАО «Единая Россия» организовала для школьников экскурсию в центр социальной помощи

В ХМАО «Единая Россия» организовала для школьников экскурсию в центр социальной помощи.

4 saat ago

Ryazan bölgesinde Birleşik Rusya’nın birincil şubelerinden oluşan bölgesel bir Konsey oluşturuldu

Ryazan bölgesinde Birleşik Rusya'nın birincil şubelerinden oluşan bölgesel bir Konsey oluşturuldu.

5 saat ago

Etkileşim ve açık diyaloğun yollarını bulmak: BRICS ülkeleri ve Avrupa’nın sempozyumu Soçi’de düzenlendi

Etkileşim ve açık diyaloğun yollarını bulmak: BRICS ülkeleri ve Avrupa'nın sempozyumu Soçi'de düzenlendi.

7 saat ago

Bakan Yardımcısının Suudi Arabistan Büyükelçisi ile görüşmesi

Bakan Yardımcısının Suudi Arabistan Büyükelçisi ile görüşmesi.

7 saat ago

Поиск путей взаимодействия и открытый диалог: в Сочи прошёл симпозиум стран БРИКС и Европы

Поиск путей взаимодействия и открытый диалог: в Сочи прошёл симпозиум стран БРИКС и Европы.

9 saat ago