Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
2022 жылғы 03 мамыр
Қазақстан мен Түркия көшбасшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады және бауырлас екі халықтың өсіп-өркендеп, жетістікке жетуіне тілектестік білдірді.
Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың перспективаларын талқылады.
Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырда Түркияға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудің маңызды белесі болатынын айтты. Мемлекетіміздің басшысы Анкарадағы келіссөздер осындай деңгейде өтеді деген пікірмен келісті.
Қазақстан Президенті экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланыстарды кеңейтуде Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі зор екенін атап өтті.
Екі мемлекеттің басшылары дәстүрлі достық рәуіште әңгімелесті.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-turkiya-prezidenti-rezhep-tayip-erdoganmen-telefon-arkyly-soylesti-344152