Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
2022 жылғы 16 желтоқсан
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-kyrgyz-respublikasynyn-prezidenti-sadyr-zhaparovpen-telefon-arkyly-soylesti-16113325