Categories: BugünKÜLTÜR SANAT

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

2022 жылғы
Президентке облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, инвестиция тарту, мұнай қорының сарқылуына байланысты газ өндіру, жаңа геологиялық зерттеу жұмыстары туралы баяндады.

Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде 7 айдың қорытындысы бойынша оң динамика бар. Атап айтқанда, былтырмен салыстырғанда тартылған инвестициялар көлемі 111,5 пайыз, өндеу өнеркәсібінің көлемі 105,5 пайыз өскен.

Нұрлыбек Нәлібаев мұнай қорының сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің кемуінің орнын толтыру үшін сейсмикалық барлау, газ қорларын игеру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.

Инвесторлармен жұмыс қарқын алып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, құны 215 миллиард теңгені құрайтын, қуаты 240 мегаватт жаңа жылу электр орталығы салынып, 2025 жылы тапсырылады. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен 11,8 миллиард теңгеге Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы халық игілігіне берілмек.

Облыс әкімі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер арасындағы келіссөздер нәтижесінде су көлемі былтырғы деңгейден артқанын жеткізді. Аймақта суды аз қажет ететін майлы және жемдік дақылдар алқаптарын ұлғайтуға басымдық беріліп, бақша және көкөніс алқаптарының көлемі көбейген. Сондай-ақ күріш саласын дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленбек.

Мемлекет басшысына баяндалған тағы бір мәселе – еңбек дауларын шешу. Аймақтағы ірі 49 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Биыл облыста 9 мектеп, 1 Оқушылар үйі, 2 балабақша пайдалануға беріліп, 11 дене шынықтыру кешені, 6 мәдени нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне өңірдегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kyzylorda-oblysynyn-akimi-nurlybek-nalibaevty-kabyldady-3172910

zline

Recent Posts

Ilya Massukh: Birleşik Rusya diğer partileri ön oylamayı kullanmaya motive ediyor

Ilya Massukh: Birleşik Rusya diğer partileri ön oylamayı kullanmaya motive ediyor 2024 Seçmenlerle doğrudan iletişim…

22 dakika ago

“Birleşik Rusya” halk programına göre bu yıl İvanovo bölgesindeki 15 sağlık kurumunda büyük onarımlar başlayacak

“Birleşik Rusya” halk programına göre bu yıl İvanovo bölgesindeki 15 sağlık kurumunda büyük onarımlar başlayacak…

2 saat ago

Dijital Kalkınma Bakanlığı ve BT uzmanları: Birleşik Rusya’nın ön oylamaya yönelik dijital teknolojileri test edildi ve prosedüre hazır

Dijital Kalkınma Bakanlığı ve BT uzmanları: Birleşik Rusya’nın ön oylamaya yönelik dijital teknolojileri test edildi…

3 saat ago

Girnədə Azərbaycan Beynəlxalq Mədəniyyət Mərkəzinin açılışı olub

Girnədə Azərbaycan Beynəlxalq Mədəniyyət Mərkəzinin açılışı olub 2024   Girnədə Azərbaycan Beynəlxalq Mədəniyyət Mərkəzinin açılışı…

4 saat ago

Andrey Turchak: Ölen SVO katılımcılarının aileleri, çocukları 23 yaşına gelene kadar aynı anda iki emekli maaşı alabilecek

Andrey Turchak: Ölen SVO katılımcılarının aileleri, çocukları 23 yaşına gelene kadar aynı anda iki emekli…

5 saat ago

Dışişleri Bakan Birinci Yardımcısının Tacikistan’da BM-Kadın Ofisi Başkanı ile Görüşmesi

Dışişleri Bakan Birinci Yardımcısının Tacikistan’da BM-Kadın Ofisi Başkanı ile Görüşmesi .2024..jpg   Meeting of the…

14 saat ago