Categories: BugünDÜNYA

Қазақстан мен Иран президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан мен Иран президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

2022 жылғы 19 маусым

Иран Ислам Республикасы, Тегеран қаласы

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеранға ресми сапары барысында Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Келіссөзге дейін «Саадабад» кешенінде Мемлекет басшысын салтанатты түрде ресми қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Иранның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси «Джумхурия» сарайына келіп, бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда кездесу өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Ибрахим Раисиге ризашылығын білдірді.

– Ең алдымен, бізді ыстық ықыласпен қарсы алғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздің шақыруыңызды зор ризашылықпен қабылдадым. Президент ретінде Иран еліне алғаш рет келіп отырмын. Мен үшін бұл сапардың маңызы ерекше. Бүгінгі келіссөздеріміз екі елдің ынтымақтастығын дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Қазақта «Көрші ақысы – тәңір хақысы» деген сөз бар. Біз – көршімен әрқашан тату болған елміз. Иран – Каспий жағасындағы жақын көршіміз, сенімді серіктесіміз, – деді Қазақстан Президенті.

 

Мемлекет басшысы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынас орнағанына биыл 30 жыл толғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, осы кезең ішінде ынтымағымыз артып, достығымыз нығая түсті.

– Жан-жақты байланысымыз қарқынды дамып келе жатыр. Бұған өзара сенімге негізделген саяси диалогтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Біздің үкіметаралық, парламентаралық және іскерлік кеңестеріміз бар. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз кедергілерге қарамастан, жылдан-жылға артып келеді. Биылғы бірінші тоқсанда сауда-саттық 50 пайызға артты. Ендігі мақсат – осы қарқынды тоқтатпай, барынша көбейту. Оған біздің әлеуетіміз жетеді. Мен сіздің өзара серіктестікті дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қарым-қатынасымызды дамытуға бар күш-жігерімді жұмсауға әзірмін, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапарының аясында маңызды шешімін жариялауға ұйғарым жасағанын айтты.

– Біз Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат береміз. Бұл түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, іскер топ өкілдерінің байланысын жандандырады. Барыс-келіске тың серпін беріп, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Иран кәсіпкерлері осы жеңілдікті кеңінен қолданатынына сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат көрсетіп, шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.

– Біз алғаш рет Душанбе саммитінде кездескен едік. Сізбен екінші рет Тегеранда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің Президент ретінде келген бұл сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына тың серпін беретін ұлы бетбұрыс боларына сенімдімін, – деді Иран Президенті.

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-men-iran-prezidentteri-shagyn-kuramda-kelissoz-zhurgizdi-195491

 

 

 

 

 

 

 

 

 

zline

Recent Posts

Meeting of the Deputy Foreign Minister with a members of German Bundestag

Meeting of the Deputy Foreign Minister with a members of German Bundestag 2024 Previous Next…

2 saat ago

Dışişleri Bakan Yardımcısı’nın Almanya Federal Meclisi üyeleriyle görüşmesi

Dışişleri Bakan Yardımcısı’nın Almanya Federal Meclisi üyeleriyle görüşmesi .2024 Öncesi Sonraki   Meeting of the…

3 saat ago

Gürcüstanın Saqareco rayonunun Qaraçöp mahalında “Parlaq Gələcək” kitabxanası fəaliyyətini bərpa edib

Gürcüstanın Saqareco rayonunun Qaraçöp mahalında “Parlaq Gələcək” kitabxanası fəaliyyətini bərpa edib , 2024   Gürcüstanın…

5 saat ago

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar ve eşi Sibel Tatar, sanatçı Ediz Hun’la bir araya geldi

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar ve eşi Sibel Tatar, sanatçı Ediz Hun’la bir araya geldi 2024  …

6 saat ago

Another global initiative of Tajikistan has received support

Another global initiative of Tajikistan has received support .2024..jpg The first global initiative proposed by…

7 saat ago

Tacikistan’ın küresel girişimine bir yenisi daha destek geldi

Tacikistan’ın küresel girişimine bir yenisi daha destek geldi .2024..jpg Orta Asya Futbol Federasyonu (CAFA) Başkanı…

9 saat ago