Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
🇰🇿 🇺🇳 Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді https://t.co/eTtbQJFJUX pic.twitter.com/ox6ufyex7v
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) September 20, 2022
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
2022 жылғы
АҚШ, Нью-Йорк қаласы, БҰҰ штаб-пәтері
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді.
Конструктивті және достық жағдайында өткен кездесуде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін шешудің ұжымдық әдістерін әзірлеуге бағытталған күш-жігерге ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін жоғары бағалап, оның 2023 жылы «Болашақ саммитін» шақыру туралы бастамасын толық қолдайтынын жеткізді. Президент осы маңызды жиынның қорытындысы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Бұдан бөлек, тараптар Мемлекет басшысының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ хабын құру бастамасының жүзеге асырылу барысын қарастырды. БҰҰ Бас хатшысы бұл маңызды бастаманы қолдайтынын айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Кері қайту Кері қайту
Kaynak:https://akorda.kz/kz/kazakstan-prezidenti-buu-bas-hatshysymen-kezdesti-218458