Categories: BugünDÜNYA

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

2022 жылғы

Шағын құрамдағы кездесуден кейін мемлекеттер басшылары келіссөзді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке және түрікмен делегациясына ілтипат білдіріп, еліміздің қазақ-түрікмен арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынастың нығаюына зор құрметпен қарайтынын атап өтті.

– Қазақстан үшін бұл маңызды оқиға деп санаймын. Сіздің сапарыңыздың тарихи мәні зор. Себебі біз жабық форматта ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқыладық. Күн тәртібіндегі барлық мәселелерге оң көзқарас танытқаныңыз үшін алғыс айтамын. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларына қатысты Сіздің барлық көзқарастарыңыз бен пікірлеріңізге оң баға бердім, – деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің Астанаға алғашқы мемлекеттік сапары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достыққа, тату көршілік байланысқа, ортақ мәдени және тарихи құндлылықтарға сүйене отырып, қазіргі таңда мемлекетаралық серіктестіктің үлгісіне айналған іргесі берік әрі үйлесімді қарым-қатынас орнатты.

– Елдеріміздің арасында белсенді әрі жоғары деңгейдегі өзара сенімді саяси диалог жолға қойылған. Былтыр қазан айында болған сапарымды зор ықыласпен еске аламын. Ашхабадта болғанымда барынша қолайлы жағдай жасап, қонақжайлылық көрсеткеніңізге ризашылығымды білдіремін. Әрине, мұның барлығы сапардың табысты өтуіне ықпал етті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Түрікменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке жылы лебізі мен ізгі тілектерін жолдады. Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстар мәселесі талқыланды. Тараптар бірлескен күш-жігерді арттыра отырып, өзара сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға дейін жеткізуге уағдаласты.

– Мәдени-гуманитарлық байланыстарға келетін болсақ, бұл бағытта бәрі жоспарға сәйкес дамып келеді. Сондай-ақ мен Каспий процесі деп аталатын ынтымақтастығымыз бен өзара іс-әрекетімізді атап өткім келеді. Жақында Ашхабадта Каспий саммиті өтті. Жиын оң нәтижеге қол жеткізу және түркімен тарапының қонақжайлық көрсету тұрғысынан да табысты өтті, – деді Мемлекет басшысы.

 

Өз кезегінде Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдап, қонақжайлық көрсеткені және ортақ жұмысқа қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтты.

– Мен Сізге Түрікменстанның Милли Генгеші Халқ Маслахаты Төрағасы, құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, биыл Түрікменстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында екі ел арасындағы қарым-қатынастар кең ауқымда табысты дамып келеді. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерді осы мерейлі датамен тағы да құттықтағым келеді, – деді Түрікменстан Президенті.

 

Сердар Бердімұхамедов қазақ-түрікмен қарым-қатынастарының қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

– Менің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапарымды елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардағы ең маңызды оқиға деп санаймыз. Оның негізгі мақсаты – екіжақты стратегиялық әріптестікті барлық салада нығайту. Сонымен қатар қазіргі жағдай мен даму үрдістерін ескере отырып, Орталық Азия аймағында және халықаралық аренада мемлекетаралық ынтымақтастықтың нақты бағдарларын айқындау. Түрікмен-Қазақстан саяси диалогы, сауда-экономикалық серіктестіктің мазмұны мен бағыты кешенді сипатқа ие болып, келісілген стратегияға және біздің іс-әрекеттеріміздің үйлестірілуіне және ең алдымен, екі халық пен мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделеріне негізделуі тиіс екеніне сенімдімін. Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді, – деді Сердар Бердімұхамедов.

Кеңейтілген форматта өткен келіссөз барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселені жан-жақты талқылап, Қазақстан мен Түрікменстан арасында атқарылатын келешек іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын айқындады.

 

 

Келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың Бірлескен мәлімдемесі;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметінің арасындағы 2022 – 2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі кешенді бағдарламасы;

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Түрікменстанның Қаржы және экономика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Түрікменстанның Энергетика министрлігі арасындағы түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түрікменстанның Мәдениет министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркіменстанның Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Түрікменстанның Министрлер Кабинеті жанындағы Көлік коммуникациялар агенттігі арасындағы көліктік-транзиттік ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;

8. Қазақтан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Түрікменстанның Министрлер Кабинеті жанындағы Көлік коммуникациялар агенттігі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Түрікменхимия» мемлекеттік концерні арасындағы химия өнеркәсібі саласында бірлескен ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институтының Стратегиялық зерттеулер ғылыми орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

11. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

12. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Түрікменстанның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

13. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Түрікменстанның Ішкі істер министрлігі арасындағы Қылмыстықпен күрес саласындағы ниеттері туралы меморандум;

14. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Довлетмаммет Азади атындағы Әлемдік тілдер түрікмен ұлттық институты арасындағы ынтымақтастық туралы шарт.

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-pen-serdar-berdimuhamedov-keneytilgen-kuramda-kelissoz-zhurgizdi-1594834

 

 

 

zline

Recent Posts

Anton Demidov: 5 binden fazla Genç Muhafız aktivisti kurtarılmış bölgelerde gönüllü ve insani görevlerde bulundu

Anton Demidov: 5 binden fazla Genç Muhafız aktivisti kurtarılmış bölgelerde gönüllü ve insani görevlerde bulundu.

11 dakika ago

Антон Демидов: Более 5 тысяч активистов «Молодой Гвардии» прошли через волонтёрскую и гуманитарную миссии на освобождённых территориях

Антон Демидов: Более 5 тысяч активистов «Молодой Гвардии» прошли через волонтёрскую и гуманитарную миссии на…

2 saat ago

Vladimir Yakushev, MGER’in LPR’de bir Gençlik Evi oluşturma önerisini destekledi

Vladimir Yakushev, MGER'in LPR'de bir Gençlik Evi oluşturma önerisini destekledi.

3 saat ago

Владимир Якушев поддержал предложение МГЕР по созданию Дома молодёжи в ЛНР

Владимир Якушев поддержал предложение МГЕР по созданию Дома молодёжи в ЛНР.

5 saat ago

Vladimir Yakushev: MGER projesi “Mentor Z” bugün bizim için önemli, tıpkı Büyük Vatanseverlik Savaşı gazilerinin önceki nesillere verdiği dersler gibi.

Vladimir Yakushev: MGER projesi “Mentor Z” bugün bizim için önemli, tıpkı Büyük Vatanseverlik Savaşı gazilerinin…

6 saat ago

Владимир Якушев: Проект МГЕР «Наставник Z» сегодня важен для нас, как и уроки ветеранов Великой Отечественной войны для предыдущих поколений

Владимир Якушев: Проект МГЕР «Наставник Z» сегодня важен для нас, как и уроки ветеранов Великой…

7 saat ago