Categories: BugünDÜNYA

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді

Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті. Жиында ұлттық қауіпсіздіктің бірқатар өзекті мәселесі қарастырылды. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бірінші кезектегі міндет екенін атап өтті.

 

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов «қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 3024 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен террорлық актілер бойынша 177 істі қарап жатыр.

Прокуратура органдарының мәліметі бойынша 779 адам қамауда отыр. Олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар. 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық және қарақшылық әрекеттері үшін бұрын сотталған. Ұсталғандардың тұлғалары анықталған соң, сондай-ақ денсаулық жағдайларына байланысты және басқа да материалдар бойынша 109 азаматтың қамауға алу жазасы кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен және жеке кепілдік берумен алмастырылған. Прокурорлар азаматтардың тәртіпсіздікке қатысы бар екені дәлелденбегенін негізге ала отырып, тағы да 103 адамды босатқан. Ұсталғандарды азаптау туралы әрбір хабарлама жіті тексеріледі. Прокурорлар адвокаттармен, құқық қорғаушылармен және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен әрдайым байланыста. Оларға тергеу изоляторларына, уақытша ұстау изоляторларына және ұсталу себебін анықтайтын арнаулы орындарға кіруге мүмкіндік берілген. Жалпы прокуратураға ұсталғандар тарапынан 305 шағым түскен. Құқық бұзушылыққа қатысты 62 шағым расталмады. Азаптау және билігін асыра пайдалану дерегі бойынша 170 қылмыстық іс қозғалды.

«Әрбір істі егжей-тегжейлі тексереміз және бұлтартпас дәлелдер болған жағдайда ғана кінәлілерді жауапкершілікке тартамыз, – деді Бас прокурор.

Сонымен қатар кеңесте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрі, Қорғаныс министрі және Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі баяндама жасады.

Президент кеңесті қорытындылай келе, қаңтар оқиғасы бойынша мұқият және шынайы тексеру жүргізу, ұсталған азаматтардың құқықтарын қорғау, тексеру барысы туралы халыққа уақтылы ақпарат беру жөнінде мемлекеттік органдарға тапсырма берді.

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-kauipsizdik-kenesinin-shugyl-kenesin-otkizdi-1212312

zline

Recent Posts

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, Kıbrıs Vakıflar İdaresi’nin ana sponsorluğunda Kıbrıs Türk Ortopedik Özürlüler Derneği yararına düzenlenen kermese katıldı

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, Kıbrıs Vakıflar İdaresi’nin ana sponsorluğunda Kıbrıs Türk Ortopedik Özürlüler Derneği yararına düzenlenen…

49 saniye ago

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar 19 Mayıs Atatürk’ü Anma, Gençlik ve Spor Bayramı kutlamaları çerçevesinde Başkent Lefkoşa’da düzenlenen “105.Yıl Korteji’ne” katıldı

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar 19 Mayıs Atatürk’ü Anma, Gençlik ve Spor Bayramı kutlamaları çerçevesinde Başkent Lefkoşa’da…

1 saat ago

Meeting of the First Deputy Minister with the Assistant Secretary-General of the United Nations

Meeting of the First Deputy Minister with the Assistant Secretary-General of the United Nations 2024..jpg…

2 saat ago

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, Akçay Mehmet Erge Spor Kompleksi KOOPBANK Birkan Uzun Cimnastik Salonu’nun açılış törenine katıldı

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, Akçay Mehmet Erge Spor Kompleksi KOOPBANK Birkan Uzun Cimnastik Salonu’nun açılış törenine…

3 saat ago

Bakan Birinci Yardımcısı’nın Birleşmiş Milletler Genel Sekreter Yardımcısı ile görüşmesi

Bakan Birinci Yardımcısı’nın Birleşmiş Milletler Genel Sekreter Yardımcısı ile görüşmesi .2024..jpg   Meeting of the…

5 saat ago

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, Boğazköy’de düzenlenen UBP Gençlik şöleni ve pikniğine katıldı

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, Boğazköy’de düzenlenen UBP Gençlik şöleni ve pikniğine katıldı .2024     Cumhurbaşkanı…

8 saat ago