Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты
Толығырақ: https://t.co/stQ8Tfjoes pic.twitter.com/GNZaEPnjt9
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) June 16, 2022
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты
2022 жылғы
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы
Қасым-Жомарт Тоқаев жақында құрылған Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласына барды.
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Президентке облыстың әкімшілік орталығы Жезқазған қаласының және өңірдің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады.
Экологиялық ахуалдың нашарлауы, аймақ арқылы өтетін республикалық жолдардың тозуы, экономиканың әртараптандырылмауы немесе ірі кәсіпорынға тәуелділік, инженерлік коммуникация жүйелерінің ескіруі және әлеуметтік сала өңірдің негізгі проблемалары ретінде атап өтілді.
Ұлытау облысының әкімі республикалық дәрежедегі жолдардың тозуы өңір экономикасының дамуын тежеп тұрған басты фактор екеніне тоқталып, осыған байланысты транзиттік көлік қатынастарының азайғанын, сәйкесінше бағаның қымбаттағанын, іскерлік белсенділік пен бизнестің кенжелеп қалғанын айтты.
Берік Әбдіғали экономиканы әртараптандыру ісін жеделдету үшін арнайы экономикалық аймақ құру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үйтас – Айдос су құбырының құрылысы 2025 жылы аяқталатынын, ал Жезқазған қаласына Есқұла құбырымен су тарту 2023 жылы басталатынын жеткізді.
Өңір әкімінің деректеріне сәйкес облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 33 пайызы ескірген. Қазір тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған. Сонымен қатар 2022 – 2023 жылдары қаланың жаңа ауданында көп қабатты 20 тұрғын үй салу жоспарланған.
Берік Әбдіғали Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу үшін мемлекеттік университет, қосымша білім беру орталығын, сапалы мектептер, дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешендерін және филармония залын салу қажет екенін жеткізді.
Жезқазған қаласының және Ұлытау облысының жағдайымен танысқан Президент өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы, ең алдымен, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажет екенін ескертті. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдігіне жол мәселесіне, экологияға, білім саласын дамытуға күш салуды тапсырды.
– Қала барлық жағынан тартымды болуы керек. Жұмыс өте көп. Мен Жезқазғанның, облыстың ең көрікті өңір болатынына сенемін, – деді Президент.
Бұдан кейін «Қазақмыс холдингі» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай кәсіпорынды және өңірді дамыту жөнінде баяндама жасады. Компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан «Қазақмыс» биыл 25,4 миллиард теңге бөлген. Бұл былтырғыға қарағанда екі есе көп. Мемлекет басшысы алдағы ауқымды жұмыстар үшін бұл қаржының жеткіліксіз болатынын айтып, бөлінетін қаржыны көбейту туралы ұсынысын жеткізді.
– Мен мына мәселеге тоқталғым келеді. Облыс әкімінің өңірді дамыту туралы жоспарын тыңдадыңыздар. Әлеуметтік мәселелер шешімін табуға тиіс. «Қазақмыс» компаниясын осы іске белсенді түрде атсалысуға шақырамын. 25,4 миллиард теңге мұндай ауқымды жұмыстар үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Қаржыны ұлғайту мүмкіндігін қарастырған жөн. Әлеуметтік нысандардың құрылысына көмектесу қажет. Спорт ғимараттары керек. Жергілікті халық үлкен үміт артып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қаладағы жағдайды жақсартуымыз керек. Әрине, мәдени нысандарға да ерекше көңіл бөлінуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Компания басшылығы денсаулық сақтау, білім беру, спорт салаларына ерекше көңіл бөлінетінін баяндады. Атап айтқанда, келесі жылы Жезқазғанда балаларға арналған спорт академиясы мен 200 балаға арналған интернат салу мәселесі де қарастырылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев спорт нысанын салғанда әртүрлі спортты қамтитын көпфункциялды етіп салу қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар компания жаңа стандарттарға сәйкес тұрғын үйлер құрылысын қолға алуды жоспарлап отыр.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ulytau-oblysynyn-damu-perspektivalarymen-tanysty-165394
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты
Толығырақ: https://t.co/stQ8Tfjoes pic.twitter.com/GNZaEPnjt9
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) June 16, 2022