Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады

  Жаңалықтар Ақорда Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады 2024 жылғы Президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады
Yayın: 26 Şubat 2024 Bugün, SİYASET Google News

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады

2024 жылғы

Президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы, Қашаған газын өңдеудің жаңа бағыттары, сондай-ақ газ саласына 12 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту мәселесі жөнінде баяндалды.

Санжар Жаркешовтің айтуынша, «QazaqGaz» компаниялар тобы өңірлерді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ірі газ құбырларын тартып, іске қосқан. Олардың құны 400 миллиард теңгеден асады.

 

 

 

 

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамту жұмыстары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, 11 өңірдегі 112 елді мекен газға қосылды. Нәтижесінде қосымша 213 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілді. Компания былтыр ішкі нарықтағы газ бағасын субсидиялауға 175 миллиард теңге бөлді. Сонымен қатар «QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы табиғи газды экспорттау және тасымалдау жөніндегі міндеттемелерін толық орындап отыр.

Бұдан бөлек, Президентке жаңа «Анабай» газ кен орнын пайдалануға беру, сондай-ақ газдың ресурстық базасын дамыту жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Қабылданған шаралардың арқасында еліміздің ішкі нарығына газ жеткізу көлемі 19 пайызға ұлғайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген мәліметке сәйкес ұлттық компания ауа райы күрт суытып, газ тасымалдау жүйесіне шектен тыс жүктеме түскен кезде ішкі нарықтың сұранысын толықтай өтеп, тұрғындарды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз еткен.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-qazaqgaz-uk-ak-baskarma-toragasy-sanzhar-zharkeshovti-kabyldady-2214145

 

 

 

Son Güncelleme: 26 Şubat 2024